«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалында ғылыми кеңес отырысының бекітілген жоспарына сәйкес екі өзекті мәселе қарастырылды: «Біліктілікті арттыру жүйесінде латын әліпбиіне көшу жұмыстарын тиімді жүзеге асыру», «Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері».

 Қарастырылған мәселенің бірі тікелей Елбасы Н.Назарбаев бекіткен жаңа әліпбидің жаңа нұсқасына байланысты болды.

 Кеңеске төрағалық жасаған филиал директоры, ф.ғ.к. Н.Абишева отырыс барысында жаңа әліпбидің бекітілгені туралы, оның қоғам үшін елеулі өзгеріс екенін атап өтті.

 Бірінші мәселе бойынша жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Г.Жапақова латын әліпбиіне көшуде қоғаммен, педагогтар қауымымен, ата-аналармен жүргізілген түсіндірмелі жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, бекітілген жаңа әліпбидің басымдықтарын атап өтті.

  Екінші мәселе бойынша инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Утаров Б.С. КжТББ мазмұнын жаңарту идеясын жүзеге асыруда білім беру стандарттарының енгізілуіне назар аударды.

 Әр тақырыпты талқылауға ғылыми кеңес мүшелері белсенді қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында институт қызметін жетілдіруге ұсыныс жасады.

 Мәселелерді талқылау барысында тақырыптарға сәйкес ұсыныстар қабылданды.

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.