Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Темір, Ойыл, Хромтау, Шалқар аудандарының ШЖМ директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагогтерінің қатысуымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе жоспарлаған  «Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік вебинар  онлайн форматында өтті.

Вебинарда келесі мәселелер қарастырылды: ресурстық орталықтарда ШЖМ үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету, сабақты зерттеудің (Lesson Study) тәсілдерін пайдалану, Online Test Pad сервисімен оқушылардың кері байланысын, өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін толықтырудағы жаңа тәсілдер т.б. Әдістемелік вебинар аясында мұғалімдер -Ж.А.Баймуханова /Ақтөбе қаласы, № 24 ЛМГ/, А.Б.Балисанова / Ақтөбе қаласы,№45 ЖББОМ/  және ауыл мектептерінің педагогтері-  Ж.Т.Жаппарова /Шалқар ауданы №7 ЖОББМ/, С.К.Дуйсегалиева /Ойыл ауданы, Амангелді ОМ/,А.А.Бирмаганбетова / Хромтау  ауданы, Тасөткел ОМ/, Ж.А.Айтқазы /  Әйтеке би ауданы, Ж. Сәрсенов атындағы ЖББОМ/,А.Ж.Муздакова /Хромтау ауданы, Аққұдық ОМ/ , С.У.Жалмағанбетова / Шалқар ауданы, Шоқысу ЖББОМ/, Б.С.Калданова /Әйтеке би ауданы, Тереңсай ЖББОМ/  ШЖМ жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудағы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып,  педагогтер вебинарды  ұйымдастырушыларға, іс-шара модераторы, әдіскер М.Т.Адилхановаға ризашылығын жеткізді.

https://cdn.pixabay.com/photo/2013/07/13/11/32/arrow-158359_1280.pngСкачать сертификаты

М.Т.Адилханова

Әдіскер, магистр

Joomla Plugins

ШЖМ-да пәндерді оқытудың ерекшеліктері қандай? Күрделі тақырыптарды меңгертуде қай тәсілдер тиімді? Қашықтан оқыту жағдайында ШЖМ-да оқу үдерісін қалай тиімді ұйымдастыруға болады?

«Ақтөбе-Өрлеу» Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе  өткізген әдістемелік вебинарға қатысушылар осы және өзге де сұрақтарға жауап алды. Бүгінгі вебинарға онлайн форматында Қарғалы, Қобда, Мартөк, Мұғалжар аудандарының ШЖМ директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагогтері қатысты.

Вебинар модераторы, әдіскер, магистр М.Т.Адилханова онлайн алаң қатысушыларымен жүргізілген сауалнама нәтижесінде ШЖМ жағдайындағы бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті.  Әдістемелік вебинарда АОҒТО әдіскері Б.С.Туржанова облыстағы ШЖМ мен ресурстық орталықтардың жұмыс бағыттарына тоқталды. Облыс педагогтері-Ж.А.Баймуханова /Ақтөбе қаласы, № 24 ЛМГ/, Д.М.Джолдасбаева, М.Ш.Махатова /Ақтөбе қаласы,№45 ЖББОМ/, З.А.Бисембаева /Қарғалы ауданы, Сазды ОМ/ , Ә.К.Омарова / Қобда ауданы,  Қобда ҚОМ/, Д.А.Қисықбасова /Байғанин ауданы,Көкбұлақ ОМ/, А.А.Избасаров /  Әйтеке би ауданы, Еңбекту ЖОББМ/ Canva, Google Jamboard, Wordwall, LearningApps.org сервистерінде оқушылардың білімін бақылау және бағалауға арналған  интерактивті тапсырмалар құру, ШЖМ  пәндерді оқытудың ерекшеліктері, күрделі тақырыптарды меңгертуде саралау тәсілдерін қолдану т.б. жөнінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Cкачать сертификаты

Joomla Plugins

Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе жоспарлаған «Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік вебинарға онлайн форматында 80-ке жуық ШЖМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагогтері қатысты.

Вебинар шағын жинақты мектептердің жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламалары бойынша сабақты жоспарлау, оқу үдерісінде саралауды жүзеге асырудың ұтымды тәсілдері, қашықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары, сабақта QR-код технологиясын пайдалану, мектептің кәсіби қоғамдастығы т.б. өзекті сұрақтар төңірегінде өрбіді. Әдістемелік вебинар аясында облыс педагогтері- Ж.А.Баймуханова /Ақтөбе қаласы, № 24 ЛМГ/, Т.Ш.Кадиров /Алға ауданы, №4 Алға ОМ/, Ж.Г.Есенгельдиев /Алға ауданы, Тікқайың НМ/, С.Ж.Қанатбаева /Ырғыз ауданы,Т.Жаманмұрынов атындағы ЖББОМ/, А.С.Бекбаев, А.Т.Тел /Байғанин ауданы, Көкбұлақ ОМ/, М.А.Жиеналы /Әйтеке би ауданы, Жарөткел ОМ/ іс-тәжірибелерін ортаға салды. Вебинарға қатысушылар тәжірибе алмасып, тиімді диалог орнатты. Вебинар модераторы, әдіскер, магистр М.Т.Адилханова ШЖМ жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыруда өзекті проблемаларын айқындау мақсатында сауалнама жүргізіп, қорытындысымен таныстырды.

Вебинарға қатысушылар іс-шараның мазмұнының маңыздылығы мен қарастырылған ақпараттардың құндылығын атап өтті.

Cертификаттарды жүктеу

Joomla Plugins

Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні педагогтерді  әдістемелік қолдау мақсатында «Білім беру ұйымдарында курстан кейінгі қолдау негізінде қашықтықтан оқыту тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.

 Бүгінгі вебинар «Мұғалімге қашықтықтан оқытуды жақсартуда қандай әдіс-тәсілдер қолайлы? Мұғалімге қандай қолдау керек?» деген сияқты маңызды сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік берді. Әдістемелік вебинар аясында тренерлер мен мұғалімдер бірлесе отырып, оқу үдерісінде мұғалімнің тәжірибесіндегі қашықтықтан білім беруге қатысты өзгерістер мен ерекшеліктерді саралап, озық тəжірибелерді ұсынды.

Вебинар барысында қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыруда әдістемелік ұсынымдар берілді. Білім алушыға оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету тәсілдері, сабақты жоспарлаудың өзекті мəселелері мен ерекшеліктері көрсетілді.

 Вебинардың трансляциясына облыстың әр аймақтарынан ауыл мұғалімдері қосылды.

 Вебинар спикері,  лаборатория меңгерушісі, сертификатталған тренер, магистр Л.Ж.Ермекбаева мұғалімдердің тəжірибесін жетілдірудің басым бағыттарына тоқталып, қойылған сауалдарға нақты жауап берді.

 Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

М.Т.Адилханова

PR, SMM- маман, магистр

Joomla Plugins

«Ақтөбе – Өрлеу»  ұйымдастыруымен  «Критериалды бағалау жүйесі арқылы метасананың негізін қалыптастыру» тақырыбында  семинар 2020 жылдың 15 ақпанында Мәртөк №1 орта мектебінің базасында өтті. Семинардың мақсаты - білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқыту және оқу үдерісіне метасананың инновациялық әдістерін енгізу және қолдану дағдыларын жетілдіру. Бұл тақырып мектептің алдағы жылдардағы әдістемелік мәселесі болып табылады.

Семинар аясында пән мұғалімдері критериалды бағалау, оқытудың белсенді түрлерін қолдану, оқушылардың креативтілігін дамыту негізінде метасананы дамытудың инновациялық әдістерімен танысты.

Семинар өткізуге жауаптылар кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Давлеткалиева Е. С., магистр С.К.Сүлейменова қазіргі білім беруді дамытудағы жаңа тәсілдердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, метасананы  қалыптастырудың құралдары мен механизмдерін ұсынды, оқушының жоғары дамыған тұлғасын қалыптастыру мәселелерін қарастырды.

№1 мектептің әкімшілігі мен педагогтар  «Ақтөбе-Өрлеу» филиалымен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, көрсетілген ғылыми-әдістемелік көмек үшін тренерлерге алғыстарын білдірді.

 

М.Т.Адилханова

PR, SMM- маман, магистр

 

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.