Положение о порядке проведения конкурса "Лучший сотрудник месяца"

Отарбаева Ләззат Лайхатқызы, "Өрлеу "БАҰО" АҚ Ақтөбе филиалының Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі. Еңбек өтілі-8 жыл.

Л.Л.Отарбаева әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыруда Еvent-менеджменттің жоғары дамыған дағдыларына, табысты командалық жұмыста қажетті тиімді өзара іс-қимылдың төзімділігі мен икемділігіне, фасилитатор, тьютор және коуч дағдыларын қолдана отырып, тыңдаушылармен бірлескен қызметті тиімді ұйымдастыруды жобалау және іске асыру қабілетіне, проблемаларды талдау және оларды шешу жолдарын тиімді іздеу қабілетіне, жұмыста жаттықтырушылық мотивациялық бағдарламаларды қолдана білуге, тыңдаушылармен сындарлы кері байланыс құрудың белсенді техникаларына ие.

Біліктілікті арттыру жүйесінің тыңдаушыларын қашықтықтан оқыту үшін сынып жетекшілеріне арналған "Рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы негізінде бақытты отбасының құндылықты бағдары" және орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған "Білім беру сапасын басқаруда корпоративтік орта құру" білім беру бағдарламалары бойынша орыс тілінде екі контент (дәріс материалдары, қосымша әдебиеттер, СӨЖ, слайдтық презентациялар және тестілік қорытынды сұрақтар) әзірледі.

Қашықтықтан оқыту тыңдаушылары үшін Ұлы Отан соғысы қатысушыларын еске алу мақсатында флешмоб, сондай-ақ мұғалімнің рөлін өзектендіру мақсатында "Өрлеумен бірге!" бейне-челленджін ұұйымдастырды.

Тәжірибеге бағытталған іс-шаралар өткізді: балалар жасөспірімдер станциясы базасында облыстың өлкетану мұғалімдеріне арналған облыстық тренинг, YouTube платформасында облыстық әкімдік жанындағы Әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп, жоғары оқу орындарының, колледждердің, мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың 120-дан астам педагогтерінің және мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен облыстық әдістемелік семинар. Бағдарламалық материалды дайындау, мобильді тіркеу, әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу жүзеге асырылды. Іс-шаралар қатысушылар тарапынан жоғары баға алды.

Лаззат Лайхатовна қоғамның белсенді  мүшесі болып табылады және аянбай әлеуметтік қызмет жүргізеді. Пандемия кезіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және алдын-алу бойынша жедел желі еріктісі. Ол Ақтөбе арнасындағы «Давай поговорим»  телевизиялық бағдарламасының қонағы болды, институттың рухани-адамгершілік құндылықтарды таратудағы озық тәжірибесін тікелей эфирде көрсету арқылы сұхбат берді.

orleu.edu.kz. үшін әріптестермен бірге сценарий жасап,"Әріптестер, кел сөйлесейік" кәсіби диалогының түсірілімін өткізді 

Лаззат Лайхатовна Отарбаева өз біліктілігін үздіксіз арттырып келеді. "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні бойынша педагог кадрларды қайта даярлау курстарының білім беру бағдарламасы бойынша (Нұр-Сұлтан қ.), әлеуметтік инновациялар және кәсіпкерлік үшін жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын нығайтуға бағытталған Up Shift бейресми білімі бойынша (Нұр-Сұлтан қ.)біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Тыңдаушыларға қолайлы интерактивті жағдай жасау мақсатында (сессия залдарын, рефлексивті сұрақтар құру) абоненттік тіркеу арқылы ZOOM платформасында онлайн оқыту жүргізеді және қосымша Padlet интерактивті тақтасын пайдаланады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің шақыруы бойынша жұмыссыздықпен күрес және облыстағы шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін менторға айналды. Ғылыми конференцияларға белсенді қатысады. Педагогтармен бірлесіп "Оқу процесін геймификациялау"тақырыбында әдістемелік құрал шығарды. Оның өлке тарихы жөніндегі зерттеу мақаласы жергілікті "Актюбинский вестник"газетіндегі қызықты жарияланымдардың бірі деп танылды.

Лаззат Лайхатовна табысты және әдістемелік сауатты тренер, бұл оның жаңартылған бағдарлама бойынша барлық кезеңде өткізген курстарының сапасы мен ауқымын растайды. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында жаңартылған бағдарлама бойынша 52 мұғалім оқытылып, 100% сертификаттауға ұсынылды.

"Атамекен" ӨКП-мен бірлескен іс-шаралардың бастамашысы және ұйымдастырушысы болып табылады, елдің әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесі үшін "Атамекен" ҰКП Басқармасынан Алғыс хат алды.

Қазіргі уақытта Л.Л.Отарбаева өскелең ұрпақ арасында әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін білім беру ұйымдарында халықаралық жобаны іске асыруды және үздік тәжірибені тарату мақсатында тарих мұғалімдері арасында жүйелі өңірлік онлайн workshop құруды жоспарлап отыр (Қостанай обл, Ақтөбе обл., Атырау обл.).

Сеткереева Ғалия Аманбердиевна, кафедрада аға оқытушы болып 13 жыл қызмет етеді, «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф 3 дәрежелі және «Бөбек» ҰҒПББ және ҮСО «Өзін-өзі тану» пәндерінің тренері, педагогика және психология ғылымдарының магистрі.

 2009 жылдан бері институт кафедрасында аға оқытушы болып қызмет  жасайды. Ғалия Аманбердіқызы осы аралықта өз бойындағы еңбекқорлығымен, жаңашылдығымен, өзінің мамандығынан кәсіби деңгейі жоғарылығымен аға оқытушылық қызметтен  тренерлік  қызметке дейін көтеріліп, шеберлігі жоғары, аудитория тыңдаушылармен қарым-қатынаста, психолог ретінде жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс жасау, уақытты тиімді пайдалануда  коммуникациялық құзырлылығы өте жоғары дәріскер. Оның басшылығымен педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруда курс кезінде және курстан кейінгі кезеңнің жаңа формалары енгізілуде: қашықтан оқыту, блендид лёнинг курстарын жоғары дәрежеде өткізді. Институт жоспарына сай өтетін «Үздік лектор» байқауында, инситут директорының 2017 жылығы «Үздік лектор» номинациясының сертификатына ие болды.

Ғалия Аманбердіқызы екі тілде кафедра арқылы өтетін  барлық  аудиторияда дәріс береді, қазіргі сұраныстағы келген барлық курстар мазмұнын толық игерген дәріскер. Ғылыми ізденіс жұмыстары халықаралық, Республикалық, облыстық  ғылыми-практикалық конференция жинақтарында    баспасөз басылымдары  беттерінде шығып отырады. Ғалия Аманбердіқызының авторлық  «Дарынды балалардың қабілетін арттыру», «Белсенді әдістерді тиімді қолдану» сияқты бірнеше әдістемелік құралдары мен нұсқаулары бар. 

Сүлейменова Сәуле Қуанышбекқызы, "Өрлеу "БАҰО" АҚ Ақтөбе филиалының Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, магистр.

Сәуле Қуанышбекқызы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың Деңгейлі бағдарламалары курстарының, "Жобалау қызметі", "Робототехника", "Математика" пәнінен білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы бойынша курстарының сертификатталған тренері. Кәсіби оқытушы және тренер ретінде ол өз қызметін сапалы жүзеге асыруға тұрақты ішкі мотивацияға және өзін-өзі дамытудың жоғары шығармашылық әлеуетіне ие.

Сәуле Қуанышбекқызы педагогтердің шығармашылық өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың өзара іс-қимылына оң әсер ететін ынтымақтастықта оқыту әдісін оқытудың неғұрлым тиімді және нәтижелі әдістерінің бірі санайды.  2020 жылы "Математика" пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысының  және Түркістан облысының математика пәні мұғалімдерінің білімін жетілдірді. Сабақтың тиісті сатыларында оқуды қолдау және бақылау үшін информатика мұғалімі ретінде әртүрлі тиімді ақпараттық технологиялар мен платформаларды (YouTube, Zoom, GoogleForms, OnlineMektep, bilimland.kz., Күнделік жүйесіндегі Microsoft Teams және т.б.) қолданады.  2020 жылы математика пәні мұғалімдеріне арналған олимпиада, "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабақтарында оқушыларды бағалаудың тиімді әдістерін қолдану" тақырыбында семинар, "Математика сабақтарында педагогтердің іс-әрекетін ұйымдастыруды инновациялық жолдары мен SMART - оқыту" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар "STEM білім беру қазіргі әлемнің жаһандануы жағдайында жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың негізі ретінде" атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі болды.

Сәуле Қуанышбекқызы институт өміріне белсенді қатысады, Әдеп жөніндегі Кеңестің мүшесі. Ол педагогтерге үнемі әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді және мұғалімдермен курстан кейінгі жұмысты тиімді жүргізеді, робототехника жарыстарының, "Дарын"ұйымдастырған конкурстардың қазылар алқасының мүшесі болып табылады.

Өзінің педагогикалық тәжірибесін үнемі жетілдірумен айналысады, атап айтқанда:

- тұлға психологиясын зерделейді және топішілік өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіреді;

- мұғалімдермен сандық білім беру ресурстарын құру бойынша жұмыстанады;

- озық педагогикалық тәжірибені таратады, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық әріптестердің тәжірибесін зерделейді;

- өзінің кәсіби мәдениетін рефлексиялаумен жүйелі түрде айналысады.

Рахатова Куляйм Жетписбаевна, «Ақтөбе-Өрлеу» кафедрасының аға оқытушысы, білім саласындағы еңбек өтілі 32 жыл, бастауыш сыныптар бойынша тренер, педагогика  ғылымдарының магистрі.

Институттың «Инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің» басшысы, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды.Облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесін жобалау және ұйымдастыруда шығармашылықпен жұмыс жасайды. 30-дан астам  ғылыми-әдістемелік мақалалар, 1 монография, 6 оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік ұсынымдар мен оның басқаруымен бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламаларын жасаған автор.  Ақтөбе облысы білім басқармасының Алғыс хаты , «Өрлеу» БАҰО» АҚ Құрмет грамотасы, ҚР БжҒМ Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы», ҚР БжҒ Алғыс хатымен  марапатталған. Өз пәнінің креативті, кәсіби шығармашылық бастамашыл маманы. 

Сүгірбаева Анаргүл Сағынбайқызы,  «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушыcы, педагогика ғылымдарының магистрі 

Анаргүл Сағынбайқызы - педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың Деңгейлі бағдарламалары курстарының, «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша  білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы курстарының сертификатталған тренері.  

Облыстың тіл мамандарымен сандық білім беру ресурстарын бірлесе жасап, үздіксіз мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетіп, кеңес беріп отырады. Сандық білім беру ресурстары «Өрлеу» БАҰО» АҚ  YouTube білім беру каналында жарияланған. Анаргүл Сағынбайқызы - бірнеше әдістемелік құралдардың авторы. Педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасын әзірлеу үстінде.   

Асанбай Бәдигүл Зейнуллақызы, «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушыcы, техника ғылымдарының магистрі  

Бәдигүл Зейнуллақызы - педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың Деңгейлі бағдарламалары курстарының, "Графика және жобалау", "Робототехника", "Python  программалау негіздері", "Білім беруде 3Д-принтинг технологиясын қолдану", "Информатика" пәнінен білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы бойынша курстарының сертификатталған тренері.  Бәдигүл Зейнуллақызы - білімді, тәжірибелі, ізденіспен, жаңашылдықпен жұмыс жасайтын, өз мамандығын шебер меңгерген білікті маман. Педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында қашықтықтан оқыту жағдайында жаңаша оқыту технологияларын қолдана отырып жан-жақты жұмыстар жүргізе біледі, (LEGO Mindstorms EV3, Arduino, LEGO Digital Designer) визуалды бағдарламалау ортасы,  (TinkerCAD, socrative, Plikers, learningapps.org, Quizizz) онлайн-сервистермен,(Padlet, Google Jamboard)  виртуалды тақталармен жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастырады. «PYTHON тілінде бағдарламалау негіздері»  әдістемелік құралы дайындалып, педагогикалық мерзімді басылымдарда ғылыми мақалалары, бұқаралық ақпарат құралдарында баяндамалары жарық көрді. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту» эксперименттік алаңының координаторы. Экспериментке қатысушы педагогтарға цифрлық оқыту және бірыңғай білім беру кеңістігін құру бойынша әдістемелік көмектер көрсетеді. «Орта білім беру жүйесінде объектіге бағытталған бағдарламалауды үйретудің әдістемелік тәсілдері» тақырыбында авторлық бағдарлама жасақтауда.

Шаштыгарина Сарагүл Мустафақызы - кафедраның  аға оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі

Сарагул Мустафақызы - талапты педагог, қайырымды және мейірімді адам.  Білім беру жүйесінде 35 жылға жуық еңбек өтілі бар. Педагог кадрлар біліктілігін арттырудың Деңгейлік бағдарламалар курстарының, «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курс  бағдарламалары», «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курстары бойынша сертификатталған тренер.

Сарагул Мустафақызы -заманауи білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді зерттей білетін, мұғалімдерге сандық білім беру ресурстарын  жасақтауда үздіксіз әдістемелік тұрғыдан  қолдау жасай алатын кәсіби білікті маман. Сандық білім беру жүйесіндегі инновациялық іс-тәжірибелерді зерделеу арқылы біліктілікті арттыру курстарын, «Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері», «Тиімді сабақ-табысты білім кепілі», ««Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді сабақты жоспарлау», «Үздіксіз білім берудегі замануи тәсілдер» т.б өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін тақырыптарда пән мұғалімдері және колледж студенттеріне семинар-практикум, шебер-сыныптар үнемі  өткізіп келеді. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтың ішкі ұмтылысын дамыту» тақырыбындағы  облыстық эксперимент координаторы.  Экспериментатор мұғалімдерге креативті педагогтың  ерекшелігі мен талаптарын жүзеге асыруда түрлі іс-шаралар жоспарлап өткізіп келеді.

Педагогтардың акмеологиялық мәдениетін жетілдірде ғылыми монография және бірнеше нұсқаулық, оқу- әдістемелік  құралдарының авторы.   Педагогикалық басылымдарға ғылыми-әдістемелік мақалалары жарияланып, іс-тәжірибесін тарату бағытында жұмыстанып келеді. 

Нуганова Алия Гизатовна - кафедраның  аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары курстарының, бастауыш сыныптар бойынша жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы курстарының сертификатталған тренері, жалпы еңбек өтілі -24 жыл. 

Алия Гизатовна, өз пәні бастауыш оқыту әдістемесін, заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін жетік меңгерген, оларды практикада тиімді қолданады, білім берудің заманауи стандарттарының талаптарына сәйкес келетін білім мен білік қорына ие. Білім беру үдерісінде педагогтердің жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту үшін сабақтарды өткізудің белсенді және интерактивті формаларын қолданады. Мақалалары ,ғылыми - практикалық конференция жинақтарына, Республикалық журналдарда, электрондық порталдарда жарияланған ғылыми-әдістемелік енген. Алия Гизатовна басшылығымен "Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың табысты қызмет ету жолдары", "Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш мектепте саралау әдістерін қолдану" тақырыбында әдістемелік құралдар шығарылды. «Өрлеу»БАҰО АҚ Басқармасының жоспарына сай бірнеше рет «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасын құрастырған-автор.  ҚР БжҒМ № 4 / 08.08.20130№324/ кандидатты мадақтау парағы қосымшасына сай, видеосабақтар сериясын дайындауда белсенділік көрсеткені үшін, ҚР БжҒМ  «Құрмет грамотасы» мараптталды. Алия Гизатовна өзінің кәсіби шеберлігін үнемі арттырып отырады. Шетелдік тәжірибе алмасу мақсатында, Беларусь Республикасының Білім министрлігі "Ұлттық білім беру институты" ұйымдастырған, 2021 жылдың 11-25 наурыз аралығында "21 ғасыр бастауыш мектебі» курсынан өтіп сертификат алды. Алия Гизатовна -талапты педагог, қайырымды және мейірімді адам. Кафедраның аға оқытушы қызметіндегі жетістігін бағалай отырып, «Өрлеу»БАҰО АҚ Басқармасының « Айдың үздік қызметкері» марапатына ұсынылды.

Изтлеуова Ақмарал Ақтамбайқызы - «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі.

Ақмарал Ақтамбайқызы –  тәжірибелі педагог, білім беру саласында 30 жылға жуық еңбек өтілі бар маман. Педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру жүйесінде «Деңгейлік бағдарламалар  курстарының»,  «Робототехника», «Білім  беруде 3D–принтинг технологиясын қолдану»,  ҚР орта білім  мазмұнын жаңарту шеңберінде «Физика»  пәні  бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының сертификатталған  тренері. 

Ақмарал Ақтамбайқызы – өзінің кәсіби іс-әрекетінде заманауи технологияларды пайдаланатын, педагогикалық шеберлігі жетілген, құзыреттілігі жоғары маман.  Қашықтықтан оқыту  жағдайында мұғалімдерге  сандық  білім  беру ресурстарын жасақтауда  әдістемелік  тұрғыдан қолдау көрсетіп, кеңес беріп  отырды. Сандық білім  беру  ресустары «Өрлеу» БАҰО» АҚ YouTube білім беру каналында жарияланған.

Педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, теория мен практиканы ұштастырып сабақ өткізе  білді, (Plikers,  learningapps.org, Mentimeter.com, Quizozz) онлайн-сервистермен, (Google Jamboard, Padlet) виртуалды тақталармен жұмыс  түрлерін тиімді  ұйымдастырды.

 «Оқу  үдерісінде  робототехника негіздерін қолдану»,  «Оқушылардың  инженерлік  ойлауын  дамытудағы  STEM оқытудың  мүмкіндіктері» тақырыбындағы  әдістемелік  құралдардың авторы,  ҚР  БжҒМ  «Құрмет  грамотасының»  иегері.  Бірнеше ғылыми-әдістемелік мақалалары педагогикалық  басылымдарда, бұқаралық  ақпарат  құралдарында  баяндамалары  жарық  көріп келеді. 

 «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы STEM  технологиясы» тақырыбындағы авторлық  бағдарламасы  жарық  көріп,   ҚАЗҰУ сертификатына  ие  болды.

Ақмарал Ақтамбайқызы - өз ісінің кәсіби шебер маманы ғана емес, жанашыр, сезімтал адам, әріптестері мен тыңдаушылар арасында құрмет пен беделге ие жеке тұлға.

Адилханова Марал Тенелевна -   «Өрлеу»БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының «Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу» лабораториясының әдіскері, гуманитарлық ғылымдар магистрі. Еңбек өтілі-25 жыл.

Марал Тенелевна - педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың Деңгейлі бағдарламалары курстарының, «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курстары бойынша сертификатталған тренер.

Марал Тенелевна ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген тәжірибесі мол, білікті  маман.

Ол - педагогика кадрларының  біліктілігін арттыру курсы білім беру бағдарламасының, бірнеше ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы, «Softskills технологияларын заманауи мұғалімнің практикасына енгізу» эксперименттік алаңының координаторы. Баяндамалары халықаралық ғылыми - практикалық конференция жинақтарына, республикалық журналдарда, ақпараттық порталдарда, БАҚ-та  жарияланған.

Марал Тенелевна өзінің кәсіби шеберлігін үнемі арттырып отырады. Шетелдік тәжірибе алмасу мақсатында Clarivate Analytics «Web of Science» әлемдік ғылыми-зерттеу қоғамдастығы өткізген вебинарларда, Беларусь Республикасының Білім министрлігі  «Ұлттық білім беру институты» ұйымдастырған  2021 жылдың 18.02-16.03. аралығында «ХХІ ғасыр құзыреттері мен ХХІ ғасырдағы білім. Мектептік білім берудің ұлттық стандарттарындағы Soft skills»тақырыбында  біліктілікті арттыру курсында білімін жетілдірді.

 «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының «Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу» лабораториясының әдіскері  қызметіндегі жетістігін бағалай отырып, «Өрлеу»БАҰО АҚ Басқармасының «Айдың үздік қызметкері» марапатына ұсынылды.

 


Жангүл Онайқызы Жубаева еңбек жолын 2000 ж Ақтөбе педагогикалық институтын аяқтағасын бастаған. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бастауыш сынып оқушыларын білім еліне жетелеген ұстаз.

2009 жылдан бастап біліктілікті арттыру жүйесінде жұмыс жасайды. «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы филиалында жұмыс істеп жүріп Жангүл Онайқызы оқытушы және сертификатталған тренер ретінде үлкен тәжірибе жинақтады. Әр уақытта өз білімін жетілдіріп, түрлі курстарға, семинарларға, тренингтерге қатысып кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін дамытып жүрген маман. Жангүл Онайқызы «Педагогикалық шеберлік орталығының» тренерлерді оқыту курсының 3-деңгей бағдарламасы, тренерлерді бағалау  ресертификациясы бойынша тренер санаты Кембридж Халықаралық курстарының сертификатының иегері.

2015 жылы «Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту қазақ тілінде оқытылатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» курсын бітіргеннен кейін облыс мұғалімдерін жаңартылған бағдарлама бойынша даярлап жүрген үздік тренерлердің бірі. 

Жангүл Онайқызы үнемі халықаралық, республикалық форумдарда, семинарларда, тренингтерде өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Оның 40-тан астам мақалалары мен оқу-әдістемелік құралдары облыстық, республикалық және халықаралық басылымдарда жарық көрген.

Ж.О. Жубаева Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Ғылым Академиясының алғыс хатымен,  Ақтөбе облысы білім басқармасының, "Өрлеу" БАҰО-ның грамоталарымен, "Асыл Ұстаз" медалімен марапатталған.

Ж.О. Жубаева кәсіби құзыреттілігі жоғары маман, әріптестері мен тыңдаушылар арасында құрмет пен беделге ие жеке тұлға. Құтты болсын, Жангүл Онайқызы!


 

Ермекбаева Лаззат Женисовна - «Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу» лабораториясының меңгерушісі, экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 1995 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын аяқтағасын бастаған. 2007 жылдан бастап біліктілікті арттыру жүйесінде жұмыс жасайды.

Лаззат Женисовна – ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, үздіксіз жұмыстануды үнемі алға қойған тәжірибесі мол, білікті маман. Ол-«ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің «Химия» және «Жаратылыстану» пәні бойынша  білім беру мазмұнының жаңартылған бағдарламасы курстарының сертификатталған тренері.

Педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында қашықтықтан оқыту жағдайында YouTube,Zoom платформаларымен түрлі іс-шаралар (әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, вебинарлар, т.б.) ұйымдастырды.

Автордың химия, жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне арналған, атап айтар болсақ, «Сандық есептерді тиімді әдіс-тәсілдермен шығару жолдары», «Қосымша білім беру жағдайында өлке тарихын зерттеудің педагогикалық аспектілері», «STEM сабақтар сапасын ғылыми-әдістемелік жетелеу» тақырыптарында әдістемелік құралдары жарыққа шықты. Сондай-ақ, педагогикалық мерзімді басылымдарда ғылыми мақалалары, бұқаралық ақпарат құралдарында баяндамалары тұрақты түрде жарияланып келеді.

Облыстың ғылыми-жаратылыстану (химия, биология, география) мамандарымен сандық білім беру ресурстарын бірлесе жасап, үздіксіз мұғалімдерге әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетіп, кеңес беріп отырады. Сандық білім беру ресурстары «Өрлеу» БАҰО» АҚ  YouTube білім беру каналында жарияланған.

Жетістіктері Ақтөбе облысы білім басқармасының Алғыс хаты, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алғыс хаты, ҚР БжҒМ Ақтөбе облысы бойынша ғылым және білім қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы», «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры Президентінің «Асыл Ұстаз» төсбелгісі, ҚР БжҒМ «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жоғарыда аталған мәліметтерді, жүзеге асырылған жұмыстарды ескере отырып, ұсынылған үміткерге "Айдың үздік қызметкері" атағын беру үшін іріктеудің барлық өлшемшарттарына сәйкес келеді.

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.