«Буккросинг»

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» кітапханасында ағымдағы жылдың 13 қазанынан бастап «Буккросинг» акциясы өтуде.         Буккросингтің мақсаты:әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге азғантай болса да, өз үлесін қосуына дағдыландыру, кітапханаға оқырмандарды тарту;
кітапты талғаммен оқуға баулу; балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге көмектесу.

    Бүгінгі технологиялар қаншалықты қарқынды дамып жатса да, әлем тарихының айнасына айналған миллиондаған ғылыми, әдеби туындыларсыз адамзат өмірін елестету мүмкін емес. «Қай салада болмасын, адамзат білімінің үлкен бөлігі тек қағазда, кітапта – адамның қағаз жадында өмір сүреді. Сол себепті кітаптар жинағы, кітапхана – адам баласының жалғыз үміті мен жоюға келмейтін жадысы болып қала бермек», – деп неміс философы А. Шопенгауэр бекер айтпаған.  Осы орайда кітапханадағы  «Өзің оқы, өзгеге сыйла» атауымен ұйымдастырылған шарада Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» кітабы және сериялы қолдан - қолға ауыстырып оқитын әдебиетіне айналуда детективтер оқырмандардың қолдан - қолға ауыстырып оқитын әдебиетіне айналуда.  

Ендеше, осы ұйымдастырылған акция өз жалғасын әр өлкеде, әр ұжымда өрісін табады деген ойдамыз. 

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРНЫ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

15.10.2015 жылы  Ақтөбе облысы Хромтау ауданында Қазақ хандығының550 жылдық мерейтойына арналған тарихи-өлкетану музейінде «Қазақ хандығының құрылуындағы өңірлік тұлғалардың орны» атты тарихи-танымдық конференцияға п.ғ.к., доцент Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы қатысып, пленарлық мәжілісте «Қазақ хандарының тағылымдық мұралары» тақырыбында баяндама жасады. Аталған конференцияға облысқа танымалған ғалымдары мен қоғам қайраткерлері және «Нұротан» партиясының аудандық өкілдері, Хромтау қаласының мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Конференция азаматтардың патриоттық сезімін және Отанға сүйіспеншілікті тәрбиелейді.

«ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА СӘЙКЕС ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ»

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуының ажырамас бөлігі болып саналады. Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үнемі зор көңіл бөліп отырады, яғни бұл дегеніміз аталмыш мәселенің маңыздылығын дәлелдейді.

       Облыс педагогтарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында«Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Ақтөбе облыстық әділет Департаментімен бірлесе отыра жоспар бойынша жұмыстар атқарады.

      Ағымдағы жылдың қазан айының 16-шы жұлдызында ағылшын тілінің мұғалімдеріне арналған  «Елбасының Жолдауына сәйкес құқықтық мәдениет/Правовая культура в свете Послания Главы государства» атты семинар-тренинг өтті.

               Семинарды Ақтөбе облысы бойынша әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлім жетекшісі Т.Ж.Убишев өткізді, семинар барысында ол ҚР азаматтарының зияткерлік меншіктерін қорғау бойынша құқықтық нормативтер, құқық бұзушылық жолының алдын-алу шаралары туралы қазақ, орыс, ағылшын тілінде түсіндіре отыра, контрафактілік өнімдерді көрсетті.

              Тақырыбы халық пен мемлекеттің тарихи, этноұлттық, әлеуметтік-мәдени және этнопедагогикалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болғандықтан семинар өте қызу талқыға түсіп, баршаның қызығушылығын оятты.

            Семинар қатысушыларына алдағы уақытта балалардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында атқарылатын жұмыстарға қажетті көрсетілімдер табысталды. Семинар жоғарғы деңгейде өтті, қатысушылар ұзақ уақыт қол шапалақтап аталмыш шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – ТҰҢҒЫШ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІГІМІЗ» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

    09.10.2015 жылы  Ақтөбе облысы Алға ауданында Қазақ хандығының550 жылдық мерейтойына арналған Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің Алға аудандық филиалында ұйымдастырумен «Қазақ хандығы – тұңғыш ұлттық мемлекеттігіміз» атты тарихи-танымдық конференция өтті.

Конференцияға п.ғ.к., доцент Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы қатысып, пленарлық мәжілісте «Қазақ хандарының тағылымдық мұраларындағы патриоттық тәрбие мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Аталған іс-шараға облысқа танымалған ғалымдары мен қоғам қайраткерлері және Алға қаласының №1, №2 мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Бұл конференция азаматтардың патриоттық сезімін және Отанға сүйіспеншілікті тәрбиелейді.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.