2021 жылдың қарашасында "Ақтөбе - Өрлеу" облыстық білім басқармасымен бірлескен жоспарына сәйкес жаратылыстану-ғылыми пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру - функционалдық сауаттылықты дамыту технологиясының негізі ретінде» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.

Вебинар жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі,  п.ғ.к. Е.С. Давлетқалиеваның жетекшілігімен өткізілді. Іс-шараға институт ғалымдары, орта және кәсіптік-техникалық білім беру педагогтары қатысты.

Вебинардың теориялық бөліміне Ақтөбе облысының жаратылыстану-ғылыми цикл мұғалімдері қауымдастығының мүшелері белсенді қатысты. Спикерлер Дәрібаева Р.А. №26 ОМ биология және химия мұғалімі, Ербалюкова Б.К. №30 ОМ биология және химия мұғалімі, КолоховаМ.Н. №9 ОМГ биология және химия мұғалімі, Озерная О.А. №20 ОМЛ биология және химия мұғалімі вебинарға қатысушылармен бірге қазіргі заманғы оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау бойынша халықаралық зерттеулер саласындағы білім берудің заманауи талаптары мәселелерін талқылады.

Практикалық бөлімі Педагогикалық идеялардың панорамасы түрінде өткзілді. Мұғалімдер практикалық жұмыс тәжірибесін ұсынды, функционалдық сауаттылықты дамытатын, зерттеу дағдыларын, оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын тапсырмаларды құрастырудың әдістемелік әзірлемелерімен бөлісті.

Вебинарға қатысушылар жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тапсырмаларды әзірлеу идеяларымен бөлісе отырып, оқушылардың құзыреттілігін халықаралық зерттеудегі жоғары көрсеткіштер үшін мұғалімдер жаратылыстану-ғылыми циклдің әрбір сабағына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды жүйелі түрде қосу қажет екенін атап өтті.

Вебинар қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.

 Кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., Давлеткалиева Е.С.

 

Joomla Plugins

  Ағымдағы жылдың 12 қарашасында институттың эксперимент алаңы  Ақтөбе қаласы №6 Ғ.Ақтаев ат. ЖББОМ сұранысына орай «Креативті педагогтың шығармашылық құзіреттілігін дамыту» тақырыбында, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент А.К.Каплиеваның ұйымдастыруымен семинар өтілді.

Семинар өзектілігінде қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтағы өзгерістер  мен әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыруда мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру басты ерекшелік болып табылатындығы туралы айтылды. Семинарда мұғалімдер «Кәсіби даму», «Шеберлік траекториясы», «Зерттеу қадамдары» іскерлік тапсырмалар орындау  арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мұғалімнің өзіндік зерттеу шығармашылығы және дарынды оқушылармен ғылыми – зерттемелер жүргізуде  тиімді әдіс—тәслідерін жүйелеу жолдары талқыланды.

Семинар кейс-талдау  арқылы қортындыланды.

 

Joomla Plugins

Сайыс жеңімпаздары анықталды

«Ақтөбе-Өрлеу» институты кітапханасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын қолдау аясында өткізілген Ең үздік кітапханалық сабақтақырыбындағы облыстық  сайыс қорытындыланды. Сайысқа қала, ауданы бойынша   29 жұмыс келіп түсті. Сайыс мақсаты: кітап оқуды қоғамның рухани құндылығы ретінде танымал ету, үздік кітапхана сабағын анықтау, кітапханашыларды шығармашылық жұмыс жасауға ынталандыру. Сайысқа Ақтөбе қаласы, Мұғалжар, Қобда, Темір, Хромтау, Ойыл, Алға, Байғанин   аудандарының мектеп кітапханашылары қатысты. Сайысқа қолдау көрсеткен қалалық, аудандық білім бөлімдеріне ерекше ризашылығымызды білдіреміз! Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ http://www.aktobe-orleu.kz сайтында жарияланады.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ең үздік  кітапхана сабағы

номинациясы бойынша:

1-дәрежелі диплом

 Қалиева Бұлбұл Сенбайқызы- Ойыл ауданы, Көсембай негізгі  мектебі;

Максимова Элона Витальевна-Ақтөбе қаласы Благодар ОМ

2-дәрежелі диплом

Бисембина Жазира Жаксылыковна-Ақтөбе қаласы, №28 ОМ

Утепбергенова Құралай Өмірзаққызы -Ақтөбе қаласы №42 орта мектеп

3-дәрежелі диплом

Хажай Тамара-Хобда ауданы Исатай Тайманов атындағы гимназия

Шонаева Ж.Д.-№ 74 жалпы білім беретін орта мектеп

«Негізгі мектеп оқушыларына арналған  ең үздік кітапхана сабағы» номинациясы бойынша

1-дәрежелі диплом

 Жужгина Татьяна Васильевна Ақтөбе қаласы №12 орта мектеп

Елтезерова Амангул Матисовна- Қ. Тілепбергенұлы ат. Шалқар ауданының саз мектебі

2-дәрежелі диплом

Баймуханова Аксауле Шайхиновна-Қобда ауылы,Қобылады батыр атындағы ОМ

Толыбаева Д.Е.-Ақтөбе қаласы Жұмабек Ташенов атындағы №68 ЖББОМ

3-дәрежелі диплом

Қанатбаева Гүлбарам Əкімқызы-Темір ауданы Алтықарасу мектеп-балабақшасы

Жолдаспаева Баян Камковна-Өтек негізгі мектебі

Досмаганбетова Маншук Капиятовна-Ақтөбе қаласы Новый орта мектеп-лицейі

«Жоғары сынып оқушыларына арналған ең үздік  кітапхана сабағы» номинациясы бойынша

1-дәрежелі диплом

Муканова Айсулу Сагындыковна -№1 Қандыағаш қалалық  ЖББМ

2-дәрежелі диплом

Есмаганбетова Айман Жаугаштовна -Қобда ауданы, Бестау орта мектебі

3-дәрежелі диплом

Жұмағали Айнұр Базарбайқызы-Қобда ауданы, «Әлия Молдағұлова атындағы ОМ

Айжарикова Майра Бидуллаевна-Хобда ауданы Бегалы НМ

Алғысхат:

Амирова Данагуль Мамиржановна -Қобда ауданы,Жарық мектап-балабақшасы

Данекерова Мадина Әбілғазы қызы-Ақтөбе қаласы   № 30 қазақ орта мектебі

Маханбетова Бибігүл Смайылқызы -Ақтөбе қаласы №57 жалпы білім беретін орта мектебі

Дәрібаева Айсұлу Тарасқызы-Ақтөбе облысы,Қобда ауданы,Сарбұлақ орта мектебі

Есалинова Айнель Сағынайқызы-Ақтөбе қаласы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы

Жұмабаева Айжан Айтқұлқызы-Байғанин ауданы,Жарқамыс орта мектебі

Кадирова Р.Ж-Болгар мектеп-бақшасы КММ

Сәрсенова Ұ. -Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,Ебейти  ауылы

Сейлханова Мейрамгул Амангосовна-Ақтөбе қаласы №52 негізгі мектебі

Бисенбаева Гулсара Дильмухановна -№4 Хромтау орта мектебі

 

 

Joomla Plugins

11 қараша күні Ақтөбе-«Өрлеуде» жаһандану мен жаңғырудың алғышарттарының бірі болып табылатын жаңа қазақ  әліпбиі туралы сөз қозғалып, ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешім латын графикасы жайлы ғалымдар мен тіл мамандары ой бөлісті.

Дөңгелек үстел жұмысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Н.М.Рсалиева жетілдірілген әліпби құрамымен таныстырды, әліпбидің жасалу тәртібін, қазақтың төл әріптерін белгілеуге алынған таңбалардың ұсынылып отырған жобасын түсіндірді. Ақтөбе облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы М.Мырза латын графикасына көшудің ұтымды тұстарын назарға алып,  sozdikqor.kz, tilqural.kz, emle.kz сайттары, оларды қолданудың жолдарына шолу жасады.

Іс-шара барысында облыстың тәжірибелі педагогтері –  А.Ж.Бисембаева,  М.М.Отарбаева, Л.К.Наубетова, М.А.Оралбаева   /Ақтөбе қаласы,  №61 ЖББОМ/, Г.У.Сулекенова /Ақтөбе  қаласы,  № 56 ЖББОМ/, Қ.Ю.Шалабаева /Ақтөбе қаласы, №5 ЖББОМ/, Б.К.Искалиева /Қарғалы ауданы,  «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы/, Н.Р.Жумабекова /Ойыл ауданы, Ш.Бекмұхамбетова атындағы МГ/ рухани жаңғырудың темірқазығына айналған жаңа әліпбидің әлеуметтік, рухани, мәдени маңызы  жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара модераторы, әдіскер, магистр  М.Т.Адилханова дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, талқы­лау барысында алға қойыл­ған маңызды мәселелердің негізгілерін атап өтті.

     

 

М.Т.Адилханова

Әдіскер, магистр

 

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.