«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, филология ғылымдарының кандидаты Абишева Нургуль Молдабаевна USAID "Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон" жобасы жетекшісінің Алғыс хатымен марапатталды. Институт ұжымы Сізді марапатыңызбен құттықтай отырып, ел - қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреді

 

Joomla Plugins

Менің smg.aktoberegion бағыты бойынша қызметімнің аясында агенттіктің төрағасы мен ҚР Білім және ғылым министрінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жөніндегі агенттіктің бейнеконференция жұмысына қатыстым. Конференцияға Алматы қаласының әкімі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, қоғамдық, алқалы органдардың басшылары, еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Агенттік Төрағасының кіріспе сөзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы маңызды және стратегиялық тәсілдердің бірі – тәрбие компонентін күшейту және мектеп қабырғасынан бастап парасаттылық мәдениетін дамыту екенін атап өтті. Агенттіктің бірінші басшысы атап өткендей, «Ұстаз ұлтты тәрбиелейді. Білімнің құлдырауы – ұлттың құлдырауымен тең», кез келген білім, ең алдымен, адамгершілігі жоғары адамды даярлауға кепілдік беруі тиіс екені даусыз. Өскелең ұрпақтың  кәсіби саланың болашақ мамандары мен қоғам азаматтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін және парасаттылығын қалыптастырудағы педагогтердің негізгі рөлі атап өтілді. Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтің баяндамасында білім беру ұйымдарында, атап айтқанда жоғары оқу орындарында бүгінгі күні іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау жөніндегі нақты шаралар ұсынылды. Министр Академиялық адалдық саясаты, студенттерге цифрлық қызмет көрсету қызметі, адами факторды болдырмау, цифрлық мемлекеттік қызметтер, бір терезе қызметі және т.б. сияқты өзінің тиімділігін дәлелдеген жоғары оқу орындарының қолданыстағы рәсімдері мен құрылымдарын атап өтті. Бүгін сондай-ақ, елдің жоғары оқу орындарына одан әрі енгізу жоспарланып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі іс-шаралар ұсынылды, оның ішінде саланың барлық аспектілері– кадр саясаты, қызмет көрсету, рәсімдер және т.б. жөнінде білім беру ұйымдарының басшылары пайдалы кеңестер алып, кеңесте ұсынылған ақпарат пен қабылданып жатқан шаралардың қорытындылары бойынша тиісті нәтиже жасайды деп ойлаймын. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік тапсырысына адамгершілігі жоғары және қадірлі тұлғаны даярлауға бағытталуы тиіс. Бұл – біздің еліміздің мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздігінің негізі.

 

Joomla Plugins

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ жоспарына сәйкес  22.10.2021 жылы көркем еңбек  мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. Семинар спикеры кафедра аға окытушысы, магистр Б.Бухарбаев.

 Семинардың мақсаттары:

- жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаратылыстану пәндерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану дағдысын қалыптастыру бойынша  көркем еңбек пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік құзыреттілігін жетілдіру.

-оқушылардың визуалды мәдениетін дамытуда көркем еңбек пәні мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

- білім мазмұнын жаңарту жағдайында көркем еңбек, графика және жобалау сабағындағы STEM технологияларды қолдану.

Семинар міндеттері: -бірлескен әдістері мен белсенді тәсілдері негізінде  тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін болжау;

-оқушылармен жұмыс жасау арқылы мұғалімдердің тәжірибелік даярлығы мен шығармашылық әлеуетін  анықтау.

-өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін дамыту және кәсіптік іс-әрекетін бағалау дағдысын қалыптастыру;

-көркем еңбек пәні сабағында оқушылардың визуалды мәдениетін қалыптасырудың тиімді жолдарын анықтау дағдысын қалыптастыру;- көркем еңбек пәні пәнін оқытуда мұғалімдердің әдістемелік білімдерін және кәсіптік дағдыларын дамыту.

 Семинардың практикалық бағыты: мұғалімдерге үйретілген теориялық және әдістемелік білімді практикада тиімді қолдану шеберлігін жетілдіруге жетелеу. Семинарда ұсыныстар қабылданды.

 

Joomla Plugins

Ағымдағы жылдың 22 қазанында, «Ақтөбе-Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.К.Каплиева «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында «Биология» пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында, Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе өңірлік университетінің  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 30-жылдық мерейтойы аясында өтілген, «Ғылым және білім: өзекті сұрақтар, жетістіктер, инновациялар» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде баяндама жасады.

Конференция өзектілігі- ғылым мен білім беру мәселелерін зерттеудегі ғылыми нәтижелерді практикада қолданудың маңызы туралы талқылау. Конференцияға қатысқан ғалымдар жаратылыстану ғылымдарының маңызды салаларының ғылыми жетістіктерін бірнеше бағыттар саласында талқылады.

Конференцияға қатысуға мүмкіндік бергені үшін, әлеуметтік серіктесіміз Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе өңірлік  университетінің  әкімшілігіне  алғысымызды білдіреміз.

 

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.