Бүгін Ақтөбе қаласы №34 ОМ математика пәнінің мұғалімі Төленияз Гүлназ Ізбасарқызы кәсіби қызметінің тәжірибесін жинақтады. Кездесуге оның оқушылары, қала мектептерінің математиктері, директор корпусы шақырылды. Өзінің алғы сөзінде "Ақтөбе-Өрлеу" кафедрасының аға оқытушысы С.К. Сулейменова, Гүлназ Ізбасарқызы институт тыңдаушылары үшін тәжірибелік сабақтарда авторлық сабақтарды бірнеше рет ұсынған табысты шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог екенін атап өтті. Шын жүректен құттықтаймыз!

Joomla Plugins

«Ақтөбе-Өрлеу» институтында  2021жылдың 11-қазан күні білім беру ұйымдары кітапханашыларына арналған «Мектеп кітапханаларында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру жолдары» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдары кітапханашылары қатысты. Семинар модераторы Н.Ермекова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы басты мәселелерді  талқыға сала отырып,облысымыздағы  кітапханашылардың озық іс-тәжірибелерімен таныстырды.

Семинар барысында қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалып,  оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бойынша ұсыныстар қабылданды.

Joomla Plugins

8 қазан күні  Ақтөбе-«Өрлеуде»  эксперименттік алаңы бар мектептердің педагогтеріне, МДҰ тәрбиешілеріне  «Білім алушылардың  soft skills дағдыларын дамыту» тақырыбында оқыту семинары өтті.

    Іс-шара   барысында семинар  модераторы, әдіскер М.Т.Адилханова ХХІ ғасыр білім алушыларының құзыреттілігін қалыптастыруда  softskills дағдыларының маңыздылығына, икемді дағдылардың  ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды. Білім алушылардың жас ерекшеліктері мен әр оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сай білім беруде softskills технологияларын  заманауи мұғалімнің практикасына енгізудің негізгі бағыттары айтылды.

  Семинарда  кері байланыс орнатылып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Joomla Plugins

Бүгін "Ақтөбе-Өрлеу" мен Ақтөбе автожол колледжі арасындағы бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша инновациялық режимде жұмыс істейтін шығармашыл педагогтарға құрмет көрсетілді.

Біздің әлеуметтік серіктесіміз-колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Қуандыққызы Алишевқа алғысымызды білдіреміз және барлық ұжымға белгіленген жоспарларды іске асыруға және барлық бастамаларына табыс тілейміз!

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.