Дарынды балалар бүгінде Z ұрпағы және олар мүлдем басқа! Олар саналы, ынталы. Олардың басында шектеулер аз. Олар жан-жақты және өте қызықты. Олар тікелей және ашық. Ой, армандарын шын айтып, ашық жеткізеді. Ия, олар мүлдем өзгеше, бірақ олар өмірден не қалайтынын білетін нәрсеге ұқсас. Оларды лайықты, бақытты, еркін өмір сүруге деген ұмтылыс біріктіреді.

Бүгін "Ақтөбе-Өрлеу" БАҰО-да Ізбасарова Самира мен Ізбасаров Сұлтанға алғыс хаттар табыс етіліп, оларға тек жетістіктер тілейміз! Лайықты тәрбие үшін @ardakti_ana-ға алғыс айтамыз!

 


 

 

Joomla Plugins

2021 жылдың 12-қазаны күні мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымның заттық-дамыту ортасын құру жолдары» тақырыбындағы семинар өткізілді.

Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік дамытушы ортасының сапасын бағалау, диагностикалық құралдарды қолданумен таныстыру және оларды тәжірибеде қолдану туралы дәріс, тренинг, іскерлік ойын, тәжірибелік сабақтар көрсетілді.

Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік дамытушы ортасының сапасын бағалау нәтижелерін талдау және түсіндіру туралы бірқатар ұсыныстар айтылды. Семинар соңында аға оқытушы, п.ғ.м. К.Ж. Рахатова ТММ әдісімен рефлексия жүргізді.

 

 

 

 

Joomla Plugins

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сай 2020-2023 ж.ж. аралығында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту» тақырыбында тәжірибелік эксперимент алаңы өз жұмысын жалғастыруда. Эксперименттің ғылыми жетекшісі - кафедра менгерушісі, п.ғ.к. Давлеткалиева Е.С. Координатор: кафедраның аға оқытушысы, т.ғ.м. Асанбай Б.З.

Бүгін 12-қазан күні тәжірибелік-эксперименттік жұмыс аясында Ақтөбе қаласы, Ұ.Құлымбетов атындағы №64ОМ жоспарына сай «Google classroom платформасын қолдану» тақырыбында жас мамандарға кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 23 жас маман қатысты.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Щ.Еспаганбетова ұйымдастыруымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.К.Байтенова, математика пәні мұғалімі Д.А.Тлеуова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Т.Азбергенова, биология пәні мұғалімі А.Б.Куаныш өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Light Gallery cannot find your image path: images/131021!

Joomla Plugins

«Ақтөбе-Өрлеу» институты кітапханасы білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған “Ең үздік кітапханалық сабақ” атты облыстық  сайысқа қатысуға шақырады! Байқау жұмыстары 2021 жылдың 27 қазанына дейін қабылданады.

Ұйымдастыру комитетінің Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электронды мекен-жайына немесе 87471924131 ватсап нөміріне жібере алады.

Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ http://www.aktobe-orleu.kz сайтында, әлеуметтік парақшаларға жарияланады. Сайыс жеңімпаздары дипломдармен, алғысхаттармен марапатталады.

 

 

 

Light Gallery cannot find your image path: images/121021.!

 

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top