2015 жылдың 3 мамыры күні "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырылуымен Ұлы отан соғысының ардагері Уразымбетов Асан Уразымбетұлымен кездесу өткізілді. Ардагер бейбіт күндегі 90 жас мерекесін 2015 жылы 2 мамыр күні тойлаған болатын. 

ҰОС ардагері "1942 жылдың аяғында майданға Шалқар станциясынан кеткендігін" айтып өз әңгімесін бастады. ІІ Украиналық майданда ефрейтор атағы лауазымымен шайқасқа шыққан. Ардагердің әңгімесінен пулеметші болғанын және 31, 32 мотоатқыштар полкінде барлаушы ротасында соғысқанын, солардың бірінде совет әскерлері фашистерді қумай, олардың соңынан атпен барлаушыларды жібергендігі туралы әңгімеледі. Олардың ішінде Асан Уразымбетұлы да болды,тосқауылдағы неміс тобының аялдамасын анықтай біліп авиация және артиллерияға нысана бағдарын  берген. Ел үшін ұрыстарда біздің жерлесіміз 2 рет жарақат алған. Ол әскерлермен Австрияға дейін жетіп, сосын Берлинге қарай бұрылды, Берлинге 40 километр жетпей жеңіс туралы хабар естіген. Соғыстан кейін 1948 жылға дейін Львов қаласында жас әскери солдаттарды  оқытып, машықтандыру ісіне үйреткен .

1948 жылдың наурызында советтік әскерлерді  демобилизациялау туралы жарлық шығып, сол жылдың сәуір айында Асан Уразымбетұлы еліне оралды. Отан алдындағы күресі мен елі үшін шайқастағы ерліктеріне орай  Кеңес  үкіметінен - орден және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар жеке түрде Сталиннен алғыс хат алған болатын.

Ардагер Қазақстан Республикасының Президенті Н.А Назарбаев және оның бейбіт саясаты туралы мақтанышпен айтты. Кездесудің соңында институт қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, рахметін жеткізіп,  жас ұрпаққа деген ақ-тілек батасын берді.

2015 жылдың 29 сәуір қүні "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  профессор – оқытушылық құрамымен Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Васильевич Аресьевпен  кездесу  өткізілді.  Ол 1943 жылы 18 жасында майданға аттанған. Майданда генерал - лейтенанттың Корчагин құрамында 7 - танк бригадасында соғысқан. 1945 жылдың наурыз айында Берлинге барар жолда, оның танкі оққа ұшырады. Жаралы Владимир Васильевич  Польшаның госпиталіне  түсті. Сәуір айының соңында санитарлық поездбен олар Тбилисиден  120 километр қашықтықта орналасқан Гуржанский госпиталіне көшірілген, сонда  жеңіс туралы хабарды естіген.Ұлы Отан соғысынан кейін  Ақтөбеде темір жол машинисты болып қызмет атқарған.

Этносаралық келісім –Мәңгілік еліміздің өміршеңдігі

    2015 жылдың 29 сәуірі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ ның филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының»   ұжымы  үшін есте сақтарлықтай атаулы дата болды десекте болады...

  Мемлекеттік бірегейлікті және ұлттық бірлікті нығайтуға, азаматтарды патриотизм, тең құқылық және жауапкершілік, толеранттылық пен ел бірлігін сақтауға , мемлекетке сенім, ел үшін және оның жетістіктері үшін мақтаныш сезімінде тәрбиелеуге үлес қосу мақсатында 1-Мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орайластырып өткізілген  дөңгелек үстел Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы жолында көшбасшылық  роль атқарып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Ұлықтау рәсімімен  мен тұспа тұс келді.  

    Өз бауырына 90-нан астам ұлт өкілдерін біріктірген Ақтөбе облысы ұстаздары үшін саяси маңызды шараны институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Кибатаева Норсулу Казангаповна  жалынды сөздерімен ашып, шараның бұгінгі таңдағы маңызына тоқталды және қатысушыларға ел бірлігін сақтауда, өскелең ұрпаққа этноинтеграциялық тәрбие беруде шығармашылық ізденістер биік белестер және сәтті қадамдар тіледі.

 

    Дөңгелек үстелге  «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері  және «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ  мамандары шақырылып талқыланған  сұрақтар төңірегінде  облыстың мұғалімдеріне  маңызды  мағлұматтар берді.    

   Облыс мұғалімдері  Оразгулова Ж.Ж. - Шалқар ауданы №4 ШОМ, Калтаева М.М.-Әйтекеби Үшқатты ОМ және  Ибраева Н.А.-Алға ауданы Есет-батыратындағы ОМ мұғалімдері Өскелең  ұрпақты  этноаралық толеранттылық және қоғамдық келісім негізінде тәрбиелеуде  өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Мәселе  дөңгелек үстелге жиналғандар тарапынан қызу  қолдау  тапты .

    Шара әдістемелік ұсыныстар қабылдаумен қорытындыланып, барлық қатысушыларға  Толерантная школа: новая модель взаимодействия и взаимопонимания әдістемелік құралы таратылды.(Әдістемелік құрал авторлары: Кибатаева Н.К. Пережогина Л.Л., Евглевская.Л.М. )

      Елбасы бүгінде  бір шаңырақтың астына 140-тан астам ұлттың өкілін біріктіріп,  экономикалық гүлдену және әлеуметтік кемелдену бағытында жаңа көкжиектерге нық қадам басып келе жатқан Қазақстан халқы үшін Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда ұстау қажетттігіне назар аударған болатын. Сондықтан қатысушылар  бұл мәселе күн тәртібінен бір сәтте түсірілмейтін маңызды мәселе екндігін бір ауыздан құптасып тарқасты. Сонымен қатар шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар институт кітапханасы қызметкерлері күшімен ұйымдастырылған 1-Мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай жасалған «Ұлттар достығы – басты қазынамыз» атты көрмемен танысты.

  

«Женіс жаңғыры»

2015  жылдың 23 сәуірінде Ақтөбе облысы БАҰО «Өрлеу» филиалында Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерей тойына арналған «Женіс жаңғыры» атты әдеби – музыкалық композиция өтті.

Композицияда Бауыржан Момышұлының шығармаларында көрсетілген жау жүрек жауынгер бейнесі сомдалды.

Шараның алға қойған мақсаты: өскелең ұрпақтың отан алдындағы патриоттық сезімін нығайту, адамгершілік – рухани тәрбие өзегін дамыту, жеңіс күнін көпшілік шараларда дәстүрге енгізу.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.