Жангүл Онайқызы Жубаева еңбек жолын 2000 ж Ақтөбе педагогикалық институтын аяқтағасын бастаған. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бастауыш сынып оқушыларын білім еліне жетелеген ұстаз.

2009 жылдан бастап біліктілікті арттыру жүйесінде жұмыс жасайды. «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы филиалында жұмыс істеп жүріп Жангүл Онайқызы оқытушы және сертификатталған тренер ретінде үлкен тәжірибе жинақтады. Әр уақытта өз білімін жетілдіріп, түрлі курстарға, семинарларға, тренингтерге қатысып кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін дамытып жүрген маман. Жангүл Онайқызы «Педагогикалық шеберлік орталығының» тренерлерді оқыту курсының 3-деңгей бағдарламасы, тренерлерді бағалау  ресертификациясы бойынша тренер санаты Кембридж Халықаралық курстарының сертификатының иегері.

2015 жылы «Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту қазақ тілінде оқытылатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» курсын бітіргеннен кейін облыс мұғалімдерін жаңартылған бағдарлама бойынша даярлап жүрген үздік тренерлердің бірі. 

Жангүл Онайқызы үнемі халықаралық, республикалық форумдарда, семинарларда, тренингтерде өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Оның 40-тан астам мақалалары мен оқу-әдістемелік құралдары облыстық, республикалық және халықаралық басылымдарда жарық көрген.

Ж.О. Жубаева Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Ғылым Академиясының алғыс хатымен,  Ақтөбе облысы білім басқармасының, "Өрлеу" БАҰО-ның грамоталарымен, "Асыл Ұстаз" медалімен марапатталған.

Ж.О. Жубаева кәсіби құзыреттілігі жоғары маман, әріптестері мен тыңдаушылар арасында құрмет пен беделге ие жеке тұлға. Құтты болсын, Жангүл Онайқызы!

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.