Ағымдағы жылдың 31 мамырында институт директоры Н.Абишева Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына «Ең үздік мұғалім - мамандық мақтанышы» марапаттау салтанатты рәсіміне қатысты. Ағымдағы іс-шараның ерекше форматы - эпидемиологиялық жағдайдың талаптарын сақтау. Осы шектеулерге қарамастан, маңызды іс-шараның ұйымдастырушылары, қонақтары мен қатысушылары түсіністік пен оң көзқарас танытты, себебі салтанатты жиналыс педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін бағалау қорытындыларына арналған.

Бүгін Ақтөбе облысының үздік педагог-жеңімпаздары дипломдармен, сертификаттармен және «Маман мақтанышы» төсбелгісімен марапатталды. Салтанатты жиын Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде өтті. Мұғалімдерге, тәрбиешілерге және оқытушыларға арналған халықаралық байқау еліміздің үш танымал ұйымдары - М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Өркен» ғылыми-зерттеу және шығармашылық идеялар қоғамдық қоры, Педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қорының ынтымақтастық туралы меморандумы негізінде өтті.

Мұндай байқауларға қатысу мұғалімдерге бүгінгі таңда білім беруде өзекті болып табылатын кәсіби және жеке құзіреттілік деңгейін анықтауға, педагогикалық тәжірибені салыстыруға және байытуға, ынтымақтастық орнатуға, пайдалы ақпарат алуға, сонымен қатар біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Aқтөбені лайықты деңгейде көрсеткен әріптестерімізді құттықтаймыз, сәттілік! Ұйымдастырушыларға ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.