«Ақтөбе-Өрлеу» филиалында 28 мамырда аға оқытушы, магистр Ғ.А.Сеткереева Ақтөбе қаласының №3 музыка мектебінің педагогикалық ұжымымен бірлесіп онлайн режимде «Қосымша білім беру ұйымдарының музыкалық білім берудегі ерекшеліктері» тақырыбында семинарын өткізді. Семинарға облыстың музыкалық және өнер мектептерінің мұғалімдері қатысты. Семинарда №3 Балалар музыка мектебінің оқытушылары балаларды музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету шебер кластарын көрсетті. Тәжірибелі педагогтер Магзумова И.М., Сарсенгалиева Ш.Ш., Алпысбаева А.К., Боктаева Ж.А.,Абилдина Р.С. оқушылардың ұлттық музыкалық өнерге қызығушылығын арттыру, музыкалық мәдениетін қалыптастыру жолдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқытушылар музыка арқылы балалардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға болатынын ерекше атап айтты.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.