«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес, «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында  оқушылармен саралау жұмысын жүргізу жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған облыстық семинар-практикум 2019 жылдың 13-наурызы күні өткізілді.

Семинар-практикум республика бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын апробациядан өткізуші 30 пилоттық мектептің бірі- Ақтөбе қаласы Новый орта мектебі базасында жүргізілді. Аталған  мектеп жаңа бағдарлама бойынша төртінші жыл жұмыс жасауда, сол себептен саралау, критериалды бағалау, дескриптор, қажеттілікті қолдауды күшейту туралы айтары көп.

Семинар-практикум барысында жаратылыстану, математика, әдебиеттік оқу сабақтарында жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді қолдану мен саралап оқытуды ұйымдастыру туралы озық тәжірибелер көрсетілді. Мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту үдерісі, бағалау, саралау жөнінде туындаған сауалдары мен өзекті мәселелерді шешу жолдары туралы теориялық және тәжірибелік мәлімет алды.

Жұмыс соңында «Рефлексия пирамидасы» жүргізіліп, қатысушы педагогтер нені білгенін, нені үйренгенін ортаға салды.

 

Рахатова К.Ж.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.