2019 жылдың наурыз айының 5 күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру: теориядан тәжірибеге» облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.  

Конференция мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді психологиялық-педагогикалық қолдаудың  маңыздылығын талдау, педагогикалық қызметте тәжірибе алмасу.

Конференция 2 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі: пленарлық мәжіліс, мұнда ерекше білім беруге қажеттілігі бар  балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлеуметтік маңызын,  білім беруді қажет ететін балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіруде білім мазмұнын бейімдеу ерекшеліктерінің қолдану әдістерінің теориялық маңызы туралы кең ауқымды мәселелерді талдайды.

Екінші бөлім: Фасилитациялық сессия:  «Қолыңды сөз ....» деп аталады. Мұнда топтық жұмыс арқылы қатысушылар білім беруді қажет ететін балаларды бейімдеуге бағытталған дидактикалық құралдар ресурстарын жасайды.

Конференция жұмысына  облысымыздың мектепке дейінгі,  орта білім беру, арнайы білім беру,  кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының психологтары, дефектологтары, әлеуметтік педагогтері және қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы мамандары қатысады.

Конференция соңында ұсыныстар қабылданады.

Каплиева А.К.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.