Ақтөбе қаласында, қала әкімдігі және Скандинавия академиялық ұтқырлық институты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қала әкімі Ілияс Испанов «Заманауи білімге жаңаша көзқарас: тәжірибе және даму болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларды құттықтады.

Іс-шараға төрт жүзден астам: ғалымдар, Ресей Федерациясы, Финляндия  білім беру ұйымдарының ғалымдары,  ғылыми қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, біліктілікті арттыру институттарының әдіскерлері, басшылары және педагогтар, қосымша білім ұйымдарының, мектепке дейінгі, орта,  кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.

Пленарлық бөлімдегі әр баяндамашы аудиторияның белсенділігін арттыруға жағымды жағдай туғызды. Баяндамашылар қатысушыларға алғашқы минуттан-ақ, ақыл-ой жаңаруының керектігін, бұрынғыша жұмыс жасаудың қажеттілігі жоқтығын түсінікті жеткізді. Конференция қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Ванхемпинг Элина (Сейнайоки қаласы, Финляндия), Индрен Лаура (Хельсинки қаласы, Финляндия), Карьялайнен Кари (Хельсинки қаласы, Финляндия), Крылова  Наталья Александровна (Екатеринбург қаласы, Ресей Федерациясы), Сальцева Светлана Васильевна (Оренбург қаласы, Ресей Федерациясы), Игтисамова Галия Рашитовна (Уфа қаласы, Башкерия) Ақтөбе облысы педагогтары кең қамтылған шебер-сыныптар өткізді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөліскен қонақтарға жылы лебіздерін білдірді.

Скандинавия академиялық ұтқырлық институтының ректоры Ванхемпинг Элина өз сөзінде, мынадай белсенді аудиторияда жұмыс жасау керемет деп өз ризашылығын білдірсе, Ресейден келген ғалым Сальцева Светлана Васильевна – заманауи мұғалім өзін-өзі жүзеге асыруда өмір бойы ізденісте болу керек деп секция жұмысын қорытындылады.

Біздің ортақ міндетіміз – ғылым мен білім   беру саласын біріктіре отырып педагогтерін даярлау сапасын  арттыру.

Біз, бұл бағытта финдік Скандинавия академиялық ұтқырлық институты базасында ұйымдастырылатын стажировкалар мен Хельсинки қаласы мектепке дейінгі білім беру ұйымының әріптестерімен уағдаласқан мүмкіндіктерге бірлесіп қол жеткіземіз – деді «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалының директоры  Нұргүл Абишева.

29-30 наурызда Ақтөбе қаласында өткен ғылыми конференция білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтар қауымы үшін маңызды оқиға ретінде есте қалады.


Каплиева А.К.,

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.