Бастауыш және орта білім беру мазмұнын жаңарту идеяларын жүзеге асыру аясында  ағымдағы жылдың 30-наурызы күні Ақтөбе қаласы №25 мамандандырылған орта мектеп базасында «Критериалды бағалау оқушыларды оқытудағы жаңа тәсіл ретінде» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинар жұмысына  шығармашылықпен жұмыс жасайтын 38 мұғалім белсенді  қатысты.

Семинар мақсаты: мектеп оқушыларын оқытудағы жаңа тәсіл ретінде  педагогтардың критериалды бағалау туралы түсініктерін дамыту.

Семинар барысында мұғалімдердің электронды журнал жүргізу, критериалды бағалау жүйесі  туралы түсініктерін және сабақта оқушылардың жетістіктерін бағалау критерийлерін құрастыру дағдылары мен біліктерін қалыптастыру міндеттері шешілді.

Семинардың бірінші бөлімінде критериалды бағалау жүйесінің теориялық аспектілері ұсынылды. «Критериалды бағалау жүйесін негіздеу», «Оқушыларды  критериалды бағалауды жүргізу тәртібі туралы», «Электронды журнал» бейнеконтенттері қаралды.

Екінші бөлімде тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды, педагогтар бағалау критерийлерін, дескрипторларын әзірледі, критерий бойынша тапсырмалар құрастырды.

Семинардың қорытынды бөлімінде педагогтар өздерінің тәжірибелік жұмыстарын қорғады.

Сонымен қатар оқу жылының басынан бастап бірінші класқа бағалаудың критериалды жүйесін табысты енгізіп келе жатқан бастауыш класс мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар өздерінің қандай қиындықтармен кездескенін және оны шешу жолдарына  қалай қол жеткізгендерін айтып берді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды табысты қолдану тәжірибелері бойынша әріптестеріне бірқатар ұсыныстар ұсынды.

Рефлексия қорытындысы бойынша қатысушылар семинар-практикум өз мақсатына жеткенін және критериалды бағалау туралы білімдерін қалыптастыруға, оны оқушыларды оқыту үдерісінде қолдану дағдылары мен біліктерін дамытуға ықпал еткенін  атап өтті.

 

Давлеткалиева Е.С.,

деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі,п.ғ.к.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.