2017 жылдың 30-наурызы күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев бастаған делегация Ақтөбе облысының педагогикалық қауымымен кездесу өткізді.

Кездесуге облыстың жалпы білім беретін мекемелердің басшылары, педагогтер, ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты.

Білім және ғылым министрі өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды айтып өтіп, мазмұны жаңартылған бастауыш және орта білім беру аясындағы өзекті мәселелерге тоқталып, сондай-ақ, мектепке дейінгі, қосымша және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа бағыттары мен даму болашағын атап өтті. Сонымен қатар елімізде ҰБТ-ны өткізу, ЖОО-да қазіргі кезде сұранысқа ие педагогикалық мамандарды дайындауда мемлекеттік гранттардың санын көбейту, оқыту үдерісіндегі критериалды бағалау жүйесі, электронды журналды қалыптастыру және де қаржыландыру мәселелеріне, әсіресе, білім беру мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы бірқатар өзекті сұрақтарға жан-жақты тоқталып, өзіндік талдау жасады.

Кездесуде қатысушыларға  Министрге тек сұрақ қоюға ғана мүмкіндік туған жоқ, олар мазмұны жаңартылған білім беру жағдайында кәсіби қызметте маңызды және қажетті  деп саналатын мәселелерді көтеріп, өзіндік ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Барлық сұрақтарға қатысты, соның ішінде,  оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, көптілділікті дамыту, критериалды бағалау жүйесі, кәсіби стандарттың өзгеруі, сағат жүктемесінің қысқаруы туралы ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сагадиев және ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева толыққанды әрі нақты жауаптар берді.

Ерлан Кенжеғалиұлы өзара пікір алмасу кезінде өзінің қызметтік өсу жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, қазақстандық ұлт капиталының маңыздылығы мен билингвалды білім беру ортасын құруда бүгінгі заманауи әлемде  біздің бәсекеге қабілетті түлектер зор жетістігіміз болып табылатындығын айтты.  

Педагогтер Білім және ғылым министріне осындай ашық және ынтымақтастық диалог форматында өткен сәтті кездесу үшін, сондай-ақ, қазақстандық мұғалімдердің еңбегін жетілдіру жағдайында мұғалімнің мүддесін арттырудағы қолдауы үшін өзіндік алғыстарын білдірді. Қазақстан  Республикасының  Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Б.А. Ердембеков, Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Т.Ж.Ынтымаков, Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж.Т.Кайшыгулова, Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы С.Р.Умербековалар «Өрлеу» БАҰО»  АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің  біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларының сабақтарына қатысып, олармен тікелей сұхбаттаса отырып, оқу үдерісіне  инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу идеялары бойынша мазмұнды диалог жүргізді. Ресми тұлғаларды облыс педагогтерінің  біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларына курс кезінде және курсаралық мерзімде жасалынатын қолайлы  жағдаймен, институттың материалдық–техникалық базасын институт директорының м.а. Н.М.Абишева  таныстырып өтті.

 

А.С. Сугурбаева,

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.