Қазіргі таңда мұғалімдерге  шығармашылықтың теориясы мен тәжірибесі жайлы білім беріп қана қоймай, сол игерген білімді шығармашылықпен қолдануға жұмыстану бүгінгі күннің  өзекті мәселесі.

Осыған сәйкес, ағымдағы  жылдың 29-наурызында Ақтөбе қалалық №31 ОМ базасында технология және сызу пәні мұғалімдерінің  біліктілікті арттыру курсы аясында «Мәңгілік Ел» идеясы - ұлттық тәрбие мен білімнің негізі» тақырыбында  семинар-практикум ұйымдастырылып, облыстың білім беру мекемелерінің 28 мұғалімі белсенді қатысты.

Семинар мақсаты: педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану және терең білімді тұлға психологиясы негізінде ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуде технология және сызу пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.     Семинар-практикумның теориялық бөлімінде «Мәңгілік ел» идеясы - ұлттық тәрбие мен білімнің негізі» тақырыбының аясында  баяндама тыңдалды. Ал,  тәжірибелік бөлім «Мен өз елімнің патриотымын» шебер-класы және тренингтермен жалғасын тапты.

Семинар кезінде  олар шығармашылықтың жаңа түрі адамның өзін-өзі өзгертуі, қайта түлетуі арқылы  кәсіби шеберліктің шыңына көтерілуінің жолдарын меңгерді. Осы қағиданы басты құндылық деп түсінген педагогтер қауымы жас ұрпақ бойында дәл сондай қажеттіліктерді қалыптастыра алатындығын осы семинарда тағы бір мәрте дәлелдеді.

Семинар-практикум барысында педагогтерді алдағы уақытта шығармашылық дамуға жетелейтін сұрақтарға жауап берілді. Семинар-практикумның соңында пікірталас өткізіліп,  қорытынды жасалды.

 

Бухарбаев Б.Х.,

магистр, кафедраның аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.