Күн мен түннің теңескен уақыты - көктем мерекесі. Жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару күні, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлауды  институт ұжымы дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Біліктілікті арттыру жүйесінің ардагер ұстаздары, ұжымның профессор-оқытушылар құрамы мен  қызметкерлері  қатысқан бүгінгі мерекелік  шарада  Ақтөбе қалалық Оқушылар сарайының   өнерлі өрендері  көрермендерді ерекше ықыласқа бөледі.  

Құлақтан кіріп бойды алар әуезді әндер мен көңілдің құрышын қандыратын күмбірлі күй, композициялық қойылымдар  кеш шырайын кіргізді. Асқақтаған мерекелік думаннан мың бұралған бишілер де қалыс қалған жоқ.  Биші қыздардың өнері жұртшылықты тәнті етіп, елдің ыстық ықыласына шомылды. Ұлттық билерімізді насихаттауға үлкен үлестерін қосып жүрген өнер жұлдыздарына  соғылған шапалақ пен ыстық ниеттің бағасы ештеңемен өлшенбеді.  

«Наурызға тарту» әнімен мәресіне жеткен концертте «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева  жиналғандарды наурыз мерекесімен құттықтап, Ақтөбе қалалалық Оқушылар сарайының ұжымына ерекше алғысын білдірді. Сонымен қатар, айтулы күнде наурыз айында дүниеге келген туған күн иелері де назардан тыс қалмады. Мерейлі сәтте ардагер ұстаздарда  ақ тілегін жеткізді.

 Ұлтымыздың мерейін өсіретін, дәстүр-ғұрпымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесінде сыйлықтар таратылып, мерекеге арналған шашулы дастарқаннан, ұлттық дәмнен дәм татып, ерекше көңіл-күймен осылайша, жаңа маусымға қадам бастық!

Г.Қ.Жапақова,

кафедра аға оқытушысы, г.ғ.магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.