Ақпараттық-коммуникативтік технологияны, қашықтан білім беруді және электронды білім беруді дамыту бүкіләлемдік  smart-education жаңалығына жол ашты. 

Білім беру мекемелерінің инновациялық технологиялар бойынша оқытуы мен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды орындау белсенділігі Smart-education арқылы арта түсті. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының «Білім сапасын арттырудағы Smart оқытудың тиімділігі» атты тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жоспары негізінде 2017 жылдың 15-наурызында «Білім саласында SMART  оқыту жүйесін қолдану» облыстық семинары Ақтөбе қаласы Пригород ОМ базасында өткізілді.

Семинар жұмысына экспериментатор-мұғалімдер,  шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтар және институт қызметкерлері қатысты. 

Эксперименттік кластар мен бақылау класындағы оқушылардың білім сапасының арасындағы ерекшеліктерге тоқталып өткен мектеп директоры  Г.Б. Жанина семинар жұмысын ашып берді.   

Теориялық бөлімде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, п.ғ.к. Н. К. Кибатаева Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында smart технологияны қолданудың қажет екендігін атап өтті. Институттың «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Р. Т. Абдиров қатысушыларға контент түрлері мен оларды қалай құрудың тиімді жолдарын көрсетіп берді. 

Семинардың тәжірибелік бөлімінде Ақтөбе қаласы Пригород ОМ математика және информатика пәні бойынша экспериментатор-мұғалімдері Абишова А. К. мен Туркменбаева А. А. сабақ үстінде bilimland.kz, google drive, web whatsapp бағдарламалары мен сервистерін қолдану туралы өз тәжірибелерін ортаға салды. Экспериментатор-мұғалімдердің барлығы да өз сабақтарында smart технологияны пайдаланып, белгілі бір нәтижелерге жеткендігін атап өтті.

Семинар соңында «Smart технологиясы бойынша сабақ берудің тиімділігі» коучингі өткізіліп,  әдістемелік ұсыныстар қабылданды. Осылайша, ауылдық жерде орналасса да жаңалықтан қалыс қалмайтын Пригород ОМ  облыстық тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың өзекті мәселелерін шешу жолындағы нәтижелі еңбегі облыс педагогтеріне паш етілді. 

Ұжымның жаңашылдыққа деген белсенділігін, шығармашылыққа деген ынтасын қолдау мақсатында жазылған жүрекжарды өлеңін оқыған мектеп директоры Г. Б. Жанина семинарға қатысушыларға шығармашылық ізденіс жолында талмас талап пен қажымас қайрат тіледі:  

Заманына - адамы

SMART - пенен дамыды.

Оқытуға  тиімді

Әдістеме  барлығы.

 Білімменен жетілер

Оқушылар қадамы.

Отарбаева Л.Л.,

бөлімінің жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.