Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы айтылған ойы отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар, ғалымдар  пікірлерінде кең көрініс тауып,  еліміздің рухын көтеретін,  ұлы мақсаттарға жетелейтін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.  Осыған орай, 2017 жылдың 15 наурызында  Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған    «Тәуелсіз ел-Мәңгі ел» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылып, конференция жұмысына  Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы -  Н.Е.Жолдасбекұлы, Ақтөбе облысы  ҚХА атқарушы хатшылығының меңгерушісі – Б.О.Елеусинова,  «Бірлік» ақсақалдар Кеңесінің төрағасы – Е.Ж.Құрманбек,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе  облысы бойынша ПҚ БАИ директоры - Н.М.Абишева,  институт директорының орынбасары  Н.К. Кибатаева қатысты.  

Конференция жұмысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы -  Н.А.Абдоллаев   «Мәңгілік ел-көп ұлтты ұлы Дала халқының қалыптасуы» тақырыбында жүйелі, әрі мазмұнды баяндамасымен бөлісті. Ақтөбе облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы – Г .Т. Төлебай «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл. Мемлекеттік тіл – Мәңгілік ел идеясының негізгі өзегі» екеніне ерекше тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы – Р.А.Бекназаров «Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті екенін, ұлттық құндылықтар мен тәрбие Мәңгілік ел – идеясының тарихи бастауы» екендігін айтып өтті.

Ғылыми-танымдық конференция жұмысында облыс ғалымдары  «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре отырып,    ұлттық тәрбие беру мәселелеріне, тұлғаның ұлттық сана-сезімі,  ұлттың өткен тарихы, оның бүгінгісі мен болашағына,   ана тілін құрметтеу, төл мәдениетті  игерудегі  ұлт мүддесі мен құндылық бағдары бүгінгі күннің бұлжымас аксиомасы екенін қатысушылардың көкірегіне шынайы сүйіспеншілікпен ұялатты.

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы, магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.