14 наурыз 2017-03-14 жылы  №57 орта мектеп базасында экспериментатор-мұғалімдерге арналған: «Білім беру мазмұнының өзгеруі жағдайында педагогтардың кәсіби өсуі-заман талабы» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға №57 мектептің экспериментатор-мұғалімдері  қатысты. 

Семинар мақсаты: педагогтардың қалыптасқан кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде әдістемелік қолдау көрсету, мұғалімдердің инновациялық жұмыс тәжірибесін кеңейту барысында әдістемелік жүйені өңдеп, практика жүзінде қолдануға ықпал ету.

Семинарды мектеп директоры Досжанова Маншук Булатовна және кафедраның аға оқытушысы Муканова Гайнижамал Успановна «Өзіндік басқару – педагогтардың кәсіби сапасын қалыптастыруды тьюторлық бағдарламамен жүзеге асыру»  тақырыбындағы дөңгелек үстелмен ашты. Мұғалімдер дөңгелек үстел барысында педагогтың тиімді кәсіби қызметіндегі білім мазмұнының өзгеруі жағдайындағы инновациялық қызметтің ролі мен қызметі туралы білді.

Семинардың жалғасында «Оқушылардың жетістікке жетудегі дағдыларын қалыптастыруда педагогтардың ынталандыру маңыздылығы» тақырыбында мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Токжанова Женис Кереевна постер-сессия жүргізді.   Онда  «Галереяға саяхат» әдісімен оқушылардың жеткен жетістіктері таныстырылды. 

«Бірлескен жұмыс – жаңа форматтағы дағды мен құзіретті қалыптастырудың шарты» тақырыбындағы коучингті математика пәнінің мұғалімі Муханбетова Гүлбану Ералықызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әбдірахманова Элеонора Булақызы өткізіп, педагогтардың дербес іс-әрекетін ұйымдастыру, оқушылардың жеке білім алу бағытын басқару біліктілігін дамыту туралы түсінік берді.

Педагогтардың білім беру процесін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейін жетілдіру мақсатында «Жаңартылған білім аясында сабақ сапасын жақсарту үшін ресурстар маңызы» тақырыбында тәжірибелік жұмысты бастауыш класс мұғалімдері: Жубангарина Алма Булатовна, Жайыкова Ақмарал Асылбекқызы, Есенгазина Гүлмира Рахимбековна жүргізді.

Семинар барысында ашық сабақтар сериясы көрсетіліп, педагогтардың жаңашылдыққа қаншалықты бейімделгенін зерттелініп, оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формалары көрсетілді.

Кафедраның аға оқытушысы Сугурбаева А.С. өткізген рефлексия нәтижесінде  мұғалім-экспериментаторлар кафедраның оқытушылық құрамының әдістемелік қолдау көрсетуін жоғары бағалағады.   

Муканова Г.У.,

кафедрасының аға оқытушысы, магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.