«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ кітапханасында  институт қабырғасынан осы жылғы алғаш рет  шыққан «Педагогикалық даму» журналының тұсаукесер рәсімі өтті. Рәсімге институт қызметкерлері мен курс тыңдаушылары қатысты, таныстырылымның  алғы сөзін «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институты директорының орынбасары п.ғ.к.  Н.Қ. Кибатаева ашып, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу аясында білім сапасын дамытудың өзекті мәселелерін шешуде басылымның  ақпараттық  жинақталумен   өзара тәжірибе алмасудың деңгейі жоғарылайтындығына тоқталды. Ақпараттық –педагогикалық журналдың ерекшелігі мен өзектілігін институттың «Мұғалімдердің психологиялық, педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.к., доцент А.Қ.Каплиева және «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы п.ғ. магистрі Г.Ж.Рахатова   нақтылай отыра, орта білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұнды білім беру –XXI ғасырдың басты талабы екендігін айтты.

Одан әрі журналда жинақталған рубрикаларға модератор  Р.К.Назарбаева  талдау жасап, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде педагогикалық іс-әрекет дамуының жоғары деңгейі – кәсіби даму екендігін зерделеді. 

Аталған басылым бір жылда төрт  рет шығарылып, өзіндік ой-толғамды жинақтайтын, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде теориялық білімді игерту мен жаңғыртуда жаңа қадамдарға жетелейді. Презентация соңы институт қызметкерлері мен тыңдаушылардың  журнал басылымы жөніндегі  жеке пікірін білдіріп, сәттілік тілеуімен аяқталды.

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.