«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  кітапханасында «Білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың ролі» тақырыбындағы мектеп кітапханашыларына арналған біліктілікті арттыру курсының аясында «Мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісінде мектеп кітапханасының ақпараттық-білімдік іс-әрекеті» тақырыбына практикалық сабақ өтті.

Сабақ мақсаты: Тұлғалық- бағытталған білім беру кеңістігінде мектеп кітапханасының оқырмандармен өзара ықпалдасуын, білім мазмұнын жаңарту жағдайында іс-әрекетті жоспарлау және ақпаратпен қамтамасыз етуді қалыптастыру.

Сабақ барысында тыңдаушыларға мектеп оқушыларының өзін-өзі анықтау үдерісінде мектеп кітапханасының атқаратын басты бағыттары айқындалып,  тыңдаушылардың  топтық жұмысты әр түрлі тәсілдермен орындалуы  қарастырылды. «Мен жазамын» әдісі бойынша мектеп оқушыларының  өзіндік ой-өрісін дамытуға жетелеуде «Эссе» жазу үлгісі «Мәнерлеп оқу» тәсілімен байланыстырылып, тыңдаушылар «Менің сүйікті кәсібім», «Мен оқыған бір кітап» атты мақаладан «Тыңдаушының  өз ойы» және «Санамызға нені түйдік?» «Ой  толғау» стратегиясымен  тыңдаушылар өз талдауларын жүргізді. Бұдан әрі кітапханада ақпараттық ресурстарды уақтылы насихаттауда «Библиографиялық  дайджест » үлгісі құрастырылды.
«БҮБ тәсілі – Білеміз,үйрендік,білдік»тәсілімен белгілі бір топ курс барысында үйреніп, білгендерін сатылай жазып талқылады. Мектеп кітапханасының ақпараттық-білімдік іс-әрекетін нығайту деңгейінде оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын айқындауда және кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында барлық топ «Кітап инсталяциясын» жасады. Бұнда тыңдаушылар «Кітапхана» деген атауды кітаптардан құрастыра отырып  жазып, әр түрлі нысандағы көріністерді  бейнеледі.

 Сабақ қорытындысы «Себет» толтыру әдісінде жинақтайтын әрбір тыңдаушының өзіндік пікір–ұсынысын кітапхана ісін дамытуда кітапханашылардың кәсіби шығармашылық қызметінің деңгейін арттыру, тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастырудағы инновациялылық, жаңа ілімдерді жинақтауға қол жеткізетін идеяларды  толықтырумен аяқталды.

 Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.