2017 жылдың 16 ақпан  мен наурыз айының 3  аралығында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» ДБО тренері Изтлеуова А.А. жетекшілігімен «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері» тақырыбындағы базалық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты:  МЖБС концептуалды негізінде білім беру үрдісінің жобалануы, оқытудың бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздандырылуы,  МЖБС талаптарына сәйкес жаңа ОӘК-ң ерекшеліктері, оқытудың жаңа әдістері туралы түсінік беру.

Курс аясында Ақтөбе қаласы  №9  мектеп-гимназия  базасында жаратылыстану-математикалық  бағытының  тыңдаушыларына іс-тәжірибе алмасу мақсатында: «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін дамыту»  тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Ақтөбе қаласы және облыстан 47 мұғалім қатысты.

Семинар  барысында  информатика сабағында оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін дамыту мәселері бойынша информатика пәні мұғалімдері Г.Г.Ледяева., Р.Т.Темиргалиева өз тәжірибелерімен бөлісті. Физика пәні мұғалімдері О.В. Несмиянова., Л.В. Полякова білім ортасындағы инновациялық әдістеменің бірі ретінде  «Кейс технологиясын» ұсынды. Математика пәні мұғалімдері Т.П. Емельянова., А.К. Куанышбаева., Л.В. Новицкая, Т.В. Почтарева мұғалімдер назарына «Бағалау – оқушы жетістігінің кепілі» және   «Сабақ кезеңдеріндегі рефлексия»  тақырыбында  коучингтер өткізіп,  бағалаудың жаңа форматын қолдануды шебер көрсете білді.  Курстың тыңдаушылары  үшін семинардың практикалық маңызы жоғары болды.  Семинар қорытындысы бойынша оқу және оқыту үрдісін дамыту перспективалары анықталып, білім беру мазмұнын жаңартуда алға қойған міндеттерді іске асыру стратегиялары белгіленді.

Курс аясында мұғалімдерге шағын сабақтарын қорғау кезінде өз білімдерін ортаға салып, бөлісуге мүмкіндік берілді. Олар сыни ойлау стратегияларын қолданып, өздерінің шағын сабақтарын, жобаларын, шебер-сыныптарын көрсетті.

Тыңдаушылар екі апталық курстан оң әсер алғанын, мазмұнының терең болғанын, көптеген мәселелер бойынша нақты ақпараттар ала алғанын баяндады. 

 Изтлеуова  А.А.,

деңгейлік  бағдарламалар  орталығының  тренері, 

техника ғылымдарының  магистрі

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.