«PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын арттыру»

тақырыбындағы облыстық  семинар-практикум

2015 жылы  29 қантар күні   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын арттыру»тақырыбындағы облыстық  семинар-практикумды өтті.

 Семинар мақсаты:PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша   ғылыми-жаратылыстану пәндері мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту.

Міндеттер: 1. Оқушылардың оқу-тану құзыреттілігін дамыту негізі ретінде ҒЖ сауаттылықты қалыптастырудың педагогикалық талаптары;
2. PISA бағдарламасының оқу жоспарына енуі;
3. Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыруда жас мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығы;
4. Бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу.

Мазмұны:Функционалдық сауаттылық

*        Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті

*        Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі

*        Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі

*        Оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерінің бірлігі

*        Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі

*        Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты

*        Оқушылардың білім, білік, дағдыларының құзіреттілікке ұласу жолы

Алғы сөзді  Куспаева Райхан Булешовна- кафедра аға оқытушысы, п.ғ.к. алды. Ол «PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын арттыру»  тақырыбында 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған,  біртұтастық,  оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектеп білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет екендігі туралы  сөз қозғады.

Қағазбаева Ә.К.-ЖТ және ЖГПОӘ кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.д., профессор «Ғылыми- жаратылыстану сауаттылық компоненттері. ҒЖС құзырлықтары» тақырыбындағы   Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтарын белгіледі. Олардың ішінде жетекші болып табылатын мектепте білім берудің сапасы Қазақстан Республикасының білім беру дамуының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында, сонымен қатар 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты.1. Оқушылардың оқу-тану құзыреттілігін дамыту негізі ретінде ҒЖ сауаттылықты қалыптастырудың педагогикалық талаптары;
2. PISA бағдарламасының оқу жоспарына енуі;
3. Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыруда жас мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығы;

4. Бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу керек екендігіне тоқталды.

Семинар барысында модератор: Ермекбаева Л.Ж.- жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы өз сөзінде мұғалімдер «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылықты» дамыту мақсатындағы сыныпта проблемаларды бірлесіп шешуді қолдайтын белсенді оқу ортасын қалай қалыптастыра алатындығына тоқталды. Ғылыми-жаратылыстану   сауаттылық -  адамның  әлемде және өзі өмір сүріп отырған ортадағы жаратылыстану пәндерінің алатын орнын анықтай және түсіне алу,  жақсы негізделген пікірлерін (пайымдауларын) айта алу; қазіргі таңда және болашақта мүдделі, жасампаз азаматқа тән  қажеттілікті  қанағаттандыруда  ғылыми-жаратылыстану пәндерін  қолдана алуға қабілетті  болуына жете мән беру керектігі туралы сөз сөйледі.

                   

Одан әрі мектеп мұғалімдері осы курстағы түсініктері мен құрылған тапсырмаларын көрсете отырып өз идеяларын ұсынды. Жұмабаева Ф.Б.- Елек орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі,  Жалимова Т.У.- Ақтөбе қаласы Красносель негізгі мектебінің  физика пәнінің мұғалімі, Тәжібаева Г.Қ.- Байғанин ауданы Сағыз орта мектебінің биология пәнінің мұғалімдері «Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру және дамыту»  тақырыбында өздерінің пәндерінде практикалық жұмыстарды көбейту керек екендігіне тоқталды, осы сабақтарда біздер оқушылырмен  PISA тапсырмаларымен жұмыс жасаймыз деп ұсыныс білдірді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

«География пәнінен PISA типтік тапсырмалармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру»- Дустанова З.М.- Алға ауданы Бестамақ орта мектебінің география пәні мұғалімі Саймова М.М.- Алға ауданы Есетбатыр атындағы мектеп бақшасының химия пәні мұғалімдері PISA тақырыбында сабақтарын өткізе отырып, өздерінің пәндерінде кіріктірген сабақтарды өткізу арқылы тапсырмалармен жұмыс жасатуды үйрету керек деп ұсыныс білдірді.

 «Жаратылыстану пәндерінен оқытудың белсенді стратегияларын тиімді қолдану»- Абдуллина Г.А.- Байғанин ауданы  Байғанин орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі, Досалиева Р.Ж- Байғанин ауданы  Қопа орта мектебінің география пәнінің мұғалімі  өз пәндері бойынша сабақтарын өткізе отырып, жаратылыстану пәндерінде белсенді оқыту стратегиясы бойынша тапсырмаларда қамтылуы керектігі туралы ойларын білдірді.

Ұсыныстар:

            Семинарға  қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе төмендегідей ұсыныстар жасады.

ü  Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша сауаттылығын дамыту үшін  белсенді оқыту стратегиясын қолдану.

ü  Оқушыларды PISA халықаралық зерттеулеріне ҒЖ пәндерінен дайындауда мәселерді коллаборативті шешуге дағдыландыру.

ü  Оқушылардың функционалдық сауаттылығы туралы алған білімі мен біліктерін өмірде қолдана алуға дағдыландыру.

           

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.