Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында Ақтөбе облысының педагогтері білімнің жаңа форматын меңгеруді жалғастыруда. «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе  филиалының базасында 2019 жылдың  26 наурыз күні  институт  жоспарына сәйкес «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті», «Ағылшын», «Математика», «Физика», «Химия» және «Жаратылыстану» бағдарламалары бойынша орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі біліктілікті арттыру курстары басталды. 

Бұл біліктілікті арттыру курстарының жалпы мақсаты оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады. Курс аясында мұғалімдер оқу бағдарламасын құрудың теориясы мен оқыту тəсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғышарттарын, критериалды бағалау технологиясымен танысады. 

Білім мазмұнын жаңарту аясындағы курс тыңдаушыларына сәттілік серік болсын!

 

Адилханова М.Т.,

жетекші маман, магистр

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.